дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада жаңадан ашылған 100 млн теңге тұратын мейрамхана екі күннен кейін жанып кетті

Астанада жаңадан ашылған 100 млн теңге тұратын мейрамхана екі күннен кейін жанып кетті
Коллаж ИА «NewTimes.kz»
Жоба иесі құрылыс жүргізу үшін көп ресурс шығындағанын айтты

Астаналық кәсіпкер 100 миллион теңгеге салған мейрамхана ашылғаннан екі күненн кейін жанып кетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Вottega негізін қалаушы Айсұлу Абдусалямова әлеуметтік желіде жобасының сәтсіз болғанын айтты.

"Біз екі күн жұмысты бастағанбыз, бірақ бәрі өртеніп кетті. Осы жазғы жобаға 100 млн теңге салынды, оны үш ай ішінде қайтарып алуды жоспарлаған едік. Көптеген ресурстар, ақша, уақыт жұмсалды", - деді Айсұлу.

Араға ай салып, тамтығы қалмаған мейрамхана орнына кәсіпкер қайтадан нысан салды. Бұған дейінгі қыруар қаражатты желге ұшырған азамат белгілі болды дейді кәсіпкер. 
Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Астана қалың қара түтінмен жабылған болатын. Елордалық ТЖД  "құмыра" мейрамханасының жанындағы жазғы кафеде өрт шыққанын хабарлаған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар