дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Астананы су басу қаупі бар ма?". Олжас Бектенов пен Жеңіс Қасымбек Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді

"Астананы су басу қаупі бар ма?". Олжас Бектенов пен Жеңіс Қасымбек Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді
primeminister.kz
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, сонымен қатар, Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады.

"Астаналық контрреттегіште судың ағуы қазір секундына 30 текше метрді құрайтыны баяндалды. Контрреттегішке келіп жатқан ағын секундына 248 текше метрді құрайды. Бүгінгі таңда контрреттегіштің су ағызу қабілетін секундына 40 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр.Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша ахуал тұрақты және ұдайы бақылауда, Астана қаласын су басу қаупі жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, су қоймасының көлемі 409 млн текше метрді құрайды. Преображенский торабында шарықтау шегіне жетті, Нұра өзені арқылы торапқа құятын су ағыны азайып келеді: қазіргі уақытта секундына 1400 текше метр өтіп жатыр.

"Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдігі жақын маңдағы елді мекендер мен қалаларды су басудың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Тайтөбе ауылында су тасқынынан негізгі қорғаныс қызметін атқарған үйінділерді нығайту жұмыстары аяқталуда. Биыл қолданыстағы 2400 метрлік бөгетке ұзындығы 1200 метр, биіктігі 2,5 метр болатын жаңа бөгет тұрғызылды", - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Жедел штаб Астана, Қосшы қалалары мен Тайтөбе ауылындағы су қоймаларынан су жіберу деректері бойынша жасалған болжамдарды ескере отырып, су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар