жұма, 28 маусым, 2024 15:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарды  Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарды  Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Фото - ашық дереккөзден
Қазақстан Президенті қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тоқаев өз сөзінде Құрбан айт - жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам екенін атап өтті.

  • Қадірлі отандастар! Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі. Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз. Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!,- делінген хабарламада.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар