Қазақстанға Таиландтан есірткіні пошта арқылы жөнелтпек болған
- авторjambylinfo.kz
- 13 маусым, 2024
- 393
Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Таиландтан халық тұтынатын тауарлар түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін тоқтатты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен «DHL» уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почтамен келген 3 қорап табылған. Ішін тексере келе құзырлы орган қораптардың ішінен жалпы салмағы 3,5 кг каннабис сығындысын (гашиш майы) тапқан.
«Жедел-тергеу іс – шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады ҚМА.
Белгілі болып отырғандай, төрт күдікті де қамауға түскен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз