сәрсенбі, 18 маусым, 2025 1:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан банктерінің капиталы өсуде: Отбасы банк көш бастап тұр

Қазақстан банктерінің капиталы өсуде: Отбасы банк көш бастап тұр
Pixabay.com
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің реттелген меншікті капиталы 9,9 трлн теңгеге жетіп, бір ай ішінде 0,8%-ға немесе 79 млрд теңгеге артқан.

Осы көрсеткіш бойынша үздік ондықтағы банктердің ішінде Отбасы банк көш бастады – оның меншікті капиталы бірден 2,3%-ға өсіп, 741,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ Halyk Bank (1,9%-ға), Home Credit Bank (1,6%-ға) және Jusan Bank (1,4%-ға) өз капиталының өсімін көрсетті.

Алайда үздік ондықтағы екі банк пен жалпы 21 банктің ішінен төртеуінің меншікті капиталы төмендегені байқалды.

Жалпы сектор бойынша жылдық өсім – 21,3%, ал соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 2,2 есеге артқан.

Ескерте кетейік, реттелген меншікті капитал — бұл банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тәуекелдерді жабу үшін реттеуші талаптарға сәйкес ұсталатын қор. Бұл талаптар салымшыларды, кредиторларды және жалпы қаржы жүйесін ықтимал шығындардан қорғау мақсатында енгізілген.

Сол себепті меншікті капиталдың көлемі мен жеткіліктілігі банктің сенімділігін айғақтайтын маңызды көрсеткіш. Мысалы, Отбасы банктің 2025 жылғы 1 сәуірдегі капитал жеткіліктілігі коэффициенттері мынадай: k1 – 42,4%, k1-2 – 42,4%, k2 – 42,4%. Бұл – реттеуші талаптардан әлдеқайда жоғары.

Халықаралық рейтинг агенттіктері бұл банктерге қандай баға береді?

Үздік ондықтағы банктер ішінде ең жоғары халықаралық рейтингтер де Отбасы банкке тиесілі:

Moody’s – Baa1, болжам – Тұрақты

Fitch Ratings – BBB, болжам – Тұрақты

Halyk Bank те инвестициялық санаттағы рейтингке ие:

Moody’s – Baa1 (Тұрақты)

S&P – BBB− (Тұрақты)

Fitch – BBB− (Тұрақты)

Ал Jusan Bank пен Home Credit Bank рейтингтері бұлардан төменірек:

Jusan Bank – Ba3 (Позитивті) – Moody’s

Home Credit Bank – BB− (Тұрақты) – Fitch

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар