Елімізде
Қазақстан коронавируспен күресу үшін азиялық банктерден несие алмақ
- авторjambylinfo.kz
- 14 қазан, 2020
- 253
Қазақстан коронавируспен күресу үшін азиялық банктерден несие алмақ
Қазақстан коронавирус инфекциясымен күресу үшін Азия Даму Банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен несие алмақ.
"Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы несиелік келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы несиелік келісімді ратификациялау туралы" заң жобалары үкіметтің қаулысымен мәжіліске жіберілген. "Несиелік қаражат коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралардың кешенін қолдауға тартылатын болады", - дейді мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова. Ол заң жобасы бойынша қорытынды 2021 жылдың 9 маусымына дейін дайындалатынын атап өтті.
nur.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз