бейсенбі, 4 шілде, 2024 14:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Криштиану Роналду коронавирус жұқтырып алды

Криштиану Роналду коронавирус жұқтырып алды
ашық дереккөзі
Криштиану Роналду коронавирус жұқтырып алды
Италиялық "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудан коронавирус анықталды. 35 жастағы футболшы коронавирус жұқтырғанына қарамастан, өзін жақсы сезінеді. Ол ауру белгілері жоқ болса да, өзгелерден оқшаулануды ұйғарған екен. Себебі COVID-19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсетіпті. Өкінішке қарай, футболшы әзірге жаттығу ойындарына қатыса алмайды. 14 қазан күні футбол клубы Швецияның командасымен кездеседі. Криштиану бұл ойынға қатыса алмайтын болды. Айта кетсек, Криштиану Роналду ұлттық құраманың үздік бомбардирлеінің бірі болып табылады. Ол 167 матчта барлығы 102 гол салған. 2018 жылдың жазынан бастап "Ювентуске" қосылған футболшы бұған дейін "Реал", "Манчестер Юнайтед" , "Спортинг" командаларында болған. nur.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар