Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған пилоттық жоба іске асырылуда
- авторjambylinfo.kz
- 14 қазан, 2020
- 226
Жамбыл облысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған пилоттық жоба іске асырылуда
Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен аймақтың Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап енгізілген №1 полиция бөлімі мен Тараз қаласының прокуратурасына қағаз форматта істерді тергеу кезінде жекелеген процессуалдық шешімдерді электрондық енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.
Қылмыстық процесті цифрландыру- дамыған елдердің үлгісі бойынша бүкіл құқық қорғау жүйесін жетілдіру жолындағы сенімді қадам. Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында нақты осыны нұсқады.
Бұл жоба "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады және процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қорғауды, қылмыстың жай-күйі туралы деректердің анықтығын қамтамасыз етуге, манипуляциялар мен бұрмалаушылықтарды қысқартуға, тергеп-тексеру процесін оңтайландыруға, процеске қатысушылардың байланыстарын барынша азайтуға бағытталған.
Бұл жобаның ерекшелігі - прокурорлар бұрын тергеу органы дербес қабылдаған негізгі процедуралық шешімдерді электронды форматта алдын-ала келіседі, сайып келгенде, азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартуды болдырмауға көмектеседі.
Жаңа жобаны тиімді енгізу мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен 250 жұмыс орнын жабдықтау үшін 160 млн.теңгеге компьютерлік техника сатып алынды.
Жұмыспен танысу барысында прокуратура мен Полиция департаментінің басшылығына нақты уақыт режимінде тергеуші сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (СДТБТ) базасында электрондық жекелеген процестік шешімдерді дайындау процесін көрсетті, содан кейін олар прокурорға келісу үшін жіберілді.
Жұмыспен танысу барысында прокуратура мен Полиция департаментінің басшылығына нақты уақыт режимінде тергеуші сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (СДТБТ) базасында электрондық жекелеген процестік шешімдерді дайындау процесін көрсетті, содан кейін олар прокурорға келісу үшін жіберілді.
Содан кейін, қалалық полиция бөлімі мен прокуратураның өзара іс-қимыл процесімен танысу жүргізілді.
Облыс прокуроры апта сайын жобаны қорытындылауды, жұмыстағы кемшіліктерді азайтуды және электрондық жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Өз кезегінде, облыстық Полиция департаментінің бастығы анықтаушылар мен тергеушілерді үнемі оқыту және біліктілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.
Іс-шара соңында "Тараз – қауіпсіз қала" тұжырымдамасы аясында облыс орталығындағы қылмыстық ахуал қаралып, кеңес өтті.
Тараз қаласы Полиция басқармасының басшысына аса криминогенді учаскелерде тиімді жұмыс жүргізу, қажет болған жағдайда қосымша күштер тарту туралы ұсыныстарға бастамашылық ету тапсырылды.
Сонымен қатар, коронавирустық пандемия жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді сақтау мәселелері талқыланды.
Облыс прокуроры вирусқа қарсы шараларды қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді талап етті.
Жамбыл облысы
Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала