жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Франция су шаруашылығында бірлескен жобаларды дамытуға уағдаласты

Қазақстан мен Франция су шаруашылығында бірлескен жобаларды дамытуға уағдаласты
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров француз «HydroPlus» компаниясының президенті Франк Дель Реймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу барысында гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңарту, сондай-ақ Қазақстанның су шаруашылығында заманауи инженерлік және экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерді енгізу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Ә.Қуантыров Қазақстанның инновацияларға және «жасыл» тұрақтылыққа негізделген серіктестікке мүдделі екенін атап өтті және «HydroPlus» компаниясымен бірлескен жобалар су ресурстарын басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттырып, экологиялық бағытталған дамуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Франк Дель Рей француз компаниясының халықаралық жобаларда қолданылған дәлелденген техникалық шешімдер негізінде ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ мен «HydroPlus» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлесіп инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін өңірлер мен бағыттарды айқындауды көздейді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар