жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республика күніне орай әскери қызметші 600 шақырымды жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңартпақ

Республика күніне орай әскери қызметші 600 шақырымды жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңартпақ
Қорғаныс министрлігі
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанадағы аумақтық қорғаныс бригадасы бөлімшесінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша ара қашықтығы 600 шақырым болатын бірегей спорттық сынаққа – супермарафонға дайындалуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл бастамасын ол ұлттық мереке — Республика күніне арнап, жүгіруді 25 қыркүйекте бастауды жоспарлап отыр. Әскери қызметші осы мақсаты арқылы қазақстандық ультрамарафондардың барлық алдыңғы рекордтарын жаңартпақ.

Рауан Әбілхановтың бастамасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Астана қаласы әкімдігінің әскери қызметшілері тарапынан қолдау тапты.

Сержант Әбілхановтың жүгіруде рекорд жасаудан тәжірибесі бар. 2022 жылы ол Алматы облысындағы «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүргіріп өтіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

42 жастағы спортшы 15 жылдан астам жеңіл атлетикамен айналысады. Алматыда және әскери қызметшілер арасында марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Алдағы марафоннан өзге оның жоспарында 10 күнде 1000 шақырым жүгіру – жаңа жобасы да бар.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар