сәрсенбі, 16 шілде, 2025 7:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Испания: ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті жанданып келеді

Қазақстан мен Испания: ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті жанданып келеді
АШМ
Испания делегациясы Қазақстан нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге қызығушылық білдірді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Испания Сенатының Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусе Кальехамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Келіссөздер барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Әсіресе, өзара тауар айналымын ұлғайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибе мен технологиялармен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Испания делегациясы Қазақстан нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге қызығушылық білдірді. Осы мақсатта қазақстандық құзыретті органдар тарапынан өнімнің ҚР-дың ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарына сәйкестігін тексеру бастамасы көтерілді.1

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар