Елімізде
Қазақстан Президенті Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты
- авторjambylinfo.kz
- 21 тамыз, 2020
- 285
Қазақстан Президенті Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты
Мемлекет басшысы Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының қолдауымен салынған, жалпы аумағы 32 гектар жерді қамтитын «Жібек жолы» саябағына барды. Онда қаладағы іске асырылып жатқан жобалармен танысты.
Шара барысында Қазақстан Президентіне Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы жайында ақпарат берілді. Әуежай құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қасқасу» тау шаңғысы кешенін дамытуға және өңірдегі су ресурстарына қатысты жобалар туралы мәлімет берді.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысына облыс орталығын дамыту, Түркістан қаласындағы мәдени-рухани жобалардың жүзеге асырылуы, шаһарға тартылған инвестиция көлемі жөнінде баяндады. Сондай-ақ Президентке өңірдегі COVID-19 инфекциясына қатысты жағдай және оған қарсы қабылданған шаралар, облыстық ахуалдық орталықтың жұмысы жайында есеп берді.
Сапар соңында Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
akorda.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Меркіде алып балықтар қайдан пайда болды?
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024