Әлемде
Қытайлық маман коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға баға берді
- авторjambylinfo.kz
- 21 тамыз, 2020
- 252
Қытайлық маман коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға баға берді
Қытайдың белгілі эпидемиологы Чжун Наньшань коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға оң баға беріп, Ресейді препаратты тіркеуден өткізуімен құттықтады. Сарапшы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу сәтті өтетіне сенімді екенін жеткізді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, сарапшы ресейлік және қытайлық мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге байланысты ғылыми аспекттер бойынша серіктестік орнатқанын айтты.
Ресейлік вакцина туралы не белгілі және ол қаншалықты сенімді?
Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың алдын алуға арналған бірінші вакцинаны тіркеуден өткізгені белгілі болды. Оған "Спутник V" атауы берілген. Ресейден аталған вакцинаның миллиард дозасын жеткізу үшін 20-дан аса елден өтініш түскен.
Гамалеи атындағы институт өкілдері Ресейде жаппай вакцинациялау 2020 жылдың қазанында басталатынын мәлімдеді. Вакцинациямен қатар оны клиникалық сынақтан өткізудің үшінші фазасы жүргізіледі. Оған жалпы 40 мыңдай адам қатысады.
Tengrinews.kz
"Чжун Наньшань Н.Ф.Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиологияны зерттеудің ұлттық орталығы әзірлеген препаратты мемлекеттік тіркеудің аяқталуымен елімізді құттықтады", - делінген Ресейдің Бейжіңдегі елшілігінің хабарламасында.
Қытайлық сарапшы "ресейлік аденовирус вакцинасы қауіпсіз екенін және ол клиникалық сынақтан сәтті өтетініне сенімді екенін" жеткізген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024