сейсенбі, 24 маусым, 2025 12:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан "Бахри Точик" су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан "Бахри Точик" су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды
Су ресурстары және ирригация министрлі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылдың маусымынан тамызына дейінгі вегетациялық кезеңде Қазақстанға "Бахри Точик" су қоймасынан 491 млн текше метр су жіберіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл келісім Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволары басшылары қол қойған хаттама аясында жүзеге асады.

Құжатта су қоймасының нақты жұмыс кестесі көрсетілген. Ол үш ел арасындағы су ресурстарын тиімді әрі әділ бөлуді көздейді.

Министрлер кездесуі мен хаттамаға қол қою рәсімі Душанбеде өткен мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында өтті.

«Біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз тек ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз», – деді Нұржан Нұржігітов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар