жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан транзиттен жылына 5 трлн теңге табыс таба алады – министр

Қазақстан транзиттен жылына 5 трлн теңге табыс таба алады – министр
Pixabay.com
Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты

Қазақстан өз транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану арқылы жыл сайын кемінде 5 трлн теңге табыс табуға қауқарлы. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты.

Министрдің мәліметінше, теміржол, автожол және авиация бағытында іске асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар ұлттық экономиканың дамуына тың серпін береді. Соның ішінде «Достық – Мойынты» теміржол желісін кеңейту жобасы толық ақталып қана қоймай, ел экономикасына елеулі пайда әкелмек. «Қазақстан темір жолы» компаниясының болжамына сәйкес, 2035 жылға дейін бұл бағыттан 4,4 трлн теңге көлемінде табыс түсуі мүмкін.

«Біз бұл нәтижелерге бұдан да ертерек қол жеткізе алатынымызды көріп отырмыз. Есептеулерге сәйкес, автожол транзитінен 2030 жылға дейін шамамен 400 млрд теңге табыс түседі деп күтіледі. Ал әуе транзитінен бұған дейін 80 млрд теңге кіріс түссе, қазір бұл көрсеткіш 160–180 млрд теңге шамасында.

Жалпы алғанда, транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану арқылы Қазақстан жыл сайын кемінде 5 трлн теңге табыс таба алады», – деді Нұрлан Сауранбаев.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар