Қазақстанда 1100-ден астам денсаулық, білім мекемесі азық-түлікті жоғары бағамен сатып алған
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
- 80
Өткен жылы Қаржылық мониторинг агенттігі азық-түлік бағаларын көтерудің 817 жағдайын анықтаған, оларға қатысты материалдар өңірлік комиссияларға тапсырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚМА дерегінше, 685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемделген. Бүгінгі күні агенттік мемлекеттік мекемелердің азық-түлік сатып алу қызметін қадағалап, "алып-сатарлық" схемаларды анықтауға бағытталған жобаны жүзеге асыруда. Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген.
- Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді. Осылайша, Ақтөбе облысының 80 балабақшасында ҚМА Департаменті қабылдаған шаралары нәтижесінде қарақұмықтың, картоптың, сәбіздің, қанттың, жұмыртқаның және тұздың бағасы төмендетілді. Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмықтың бағасын 500%-дан астам көтеріп жеткізіп берген,- деп жазылған хабарламада.
Мәселен, Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмықты, қантты, пиязды, картопты және жұмыртқаны 180%-ға дейін үстемақы қосып сатып алғаны анықталған. ҚМА Департаментінің араласуынан кейін Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік мекемелерде қосымша келісімшарттар жасалып, нәтижесінде 60 млн теңгеге жуық қаржы үнемделген.
- Осындай жұмыстар Астанада және Қарағанды облысында 175 балабақшада да жүргізіліп, 100 млн теңгеден астам қаржы үнемделді. ҚМА мемлекеттік мекемелер өнім өндірушілерден және ірі көтерме саудагерлерден тікелей сатып алу, сауда үстемақыларын асыра көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту, заңсыз алынған табыс көлеміне пара-пар айыппұлдар қолдану, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар әзірледі,- деп түсіндірді ҚМА.
Ұқсас жаңалықтар
Отандық қызанақ өндірушілер өнімдерін Ресейге қайта экспорттай алады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
«Жастарды бопсалаған». Павлодарда қылмыстық топ ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025