Елімізде
Қазақстанда 5 қаңтардан бастап қасқыр мен шибөрі атуға рұқсат беріледі
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қаңтар, 2026
- 554
Жануарлар популяциясын реттеу шаралары 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 5 қаңтардан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде қасқыр мен шибөріні атуға ресми рұқсат алу мүмкіндігі ашылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жануарлар популяциясын реттеу шаралары 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Атап айтқанда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Ұлытау өңірінде бұл рұқсат тек тіркелген аңшыларға ғана беріледі.
Рұқсат алу қызметі elicense.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде рәсімделеді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қазақстан мен Армения арасында жаңа әуе рейстері ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 сәуір, 2026






