жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда алғаш рет UFC турнирі өтуі ықтимал

Қазақстанда алғаш рет UFC турнирі өтуі ықтимал
Ortcom.kz
UFC турнирі Астанада алдағы екі-үш жылда өтуі әбден мүмкін

Астанада аралас жекпе-жек бойынша әлемдік Ultimate Fighting Championship (UFC) турнирін өткізу мүмкіндігі туралы қаладағы Туризмді дамыту орталығының жетекшісі Артём Квашук айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, қала мұндай спорттық шараны өткізуге мүдделі. Астананың инфрақұрылымы үлкен ауқымды шараларға толықтай бейімделген.

"Біздің спорттық нысандар халықаралық талаптарға толықтай сәйкес келеді. Қала бұл шараны өткізуге ынталы. Мұндай турнирге шетелдік туристер міндетті түрде келеді. Бұл Астана үшін үлкен серпін болар еді, әсіресе экономикалық тұрғыдан мультипликативті әсер береді", – деді Квашук Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Ал "Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов турнирді "Барыс Арена" мұз сарайында өткізуге болатынын жеткізді. Бұл кешен UFC талаптарына сай келеді. Алайда қазіргі кезде негізгі мәселе – демеушілер мен серіктестерді тарту.

"Бізде аты шыққан мықты спортшылар бар. Соның бірі – Шавкат Рахмонов. Ол титул үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Техникалық және инфрақұрылымдық жағынан біз дайынбыз. Жақында Бакуде UFC резиденттік турнирінің өткенін ескерсек, біз де соған жақындап келеміз. Бірақ басты мәселе – халықаралық деңгейдегі демеушілер мен серіктестерді тарту. UFC-ді өткізу қанша тұратынын шамамен білеміз. Тек жергілікті қолдаумен мұндай турнирді өткізу тым қымбатқа түседі. Шынын айтсақ, мұндай ауқымды коммерциялық шаралар Қазақстанда әлі өткен жоқ", – деді Хасенов.

Оның сөзінше, Қазақстан алдағы жылдары осындай шараларға біртіндеп дайын бола бастайды. UFC турнирі Астанада алдағы екі-үш жылда өтуі әбден мүмкін.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар