Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 8 қаңтар, 2026
- 478
Синоптиктердің болжамынша, 8–10 қаңтар аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі кең көлемді антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ байқалуы мүмкін. Солтүстік аймақтарда қар жауып, төменгі боран соғады. Республика бойынша тұман түсіп, жел екпіні күшейеді деп болжануда.
Алдағы күндері ел аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Батыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 8 градус аяз бен 5 градус жылылық аралығында болса, күндіз 3 градус аяздан 8 градус жылылыққа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыс өңірлерде түнде 5–20 градус аяз, күндіз 8 градус аяздан 1 градус жылылыққа дейін болады. Елдің солтүстігінде түнгі температура 7–15 градус аязды құрап, күндіз 2–10 градус аяз күтіледі.
Орталық аймақтарда түнде 5–15 градус аяз, күндіз 0–6 градус аяз шамасында болады. Шығыс өңірлерде түнгі уақытта 10–20 градус аяз, ал күндіз 2–13 градус аяз сақталады.
Оңтүстікте түнде ауа температурасы 7 градус аяз бен 2 градус жылылық аралығында болса, күндіз 1–14 градусқа дейін жылытады.
Оңтүстік-шығыста түнде 0–8 градус, таулы аймақтарда 13–18 градус аяз күтіледі.






