Елімізде
Қазақстанда бір аймақтан екіншісіне көшетіндерге қандай көмек беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2022
- 198
Қазақстанда бір аймақтан екіншісіне көшетіндерге қандай көмек беріледі
Қазақстанда ішкі көші-қонды ынталандырудың жаңа шаралары енгізіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды.
Оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделіп отыр.
Мемлекет басшысының ішкі көші-қон саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жаңа тұжырымдама шеңберінде елдің басқа облыстарында негізделген трансферт және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру тетігі көзделетін болады.
Осы бағыт шеңберінде:
- әрбір қабылдаушы облыста жер ресурстарымен, инженерлік, көлік-логистикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді ескере отырып, қоныс аударуды ынталандырудың арнайы өңірлік бағдарламасын әзірлеу көзделеді. Сондай-ақ бағдарламаларда жұмыс күшінің тапшылығын сезінетін экономиканың басым секторлары айқындалады;
- жұмыс орындарын құру бойынша барынша әлеуеті бар тиісті бизнес-идеялар конкурсы арқылы солтүстік және орталық өңірлер үшін 100 бизнес-жобаның кейсін қалыптастыру мәселесі пысықталуда;
- Жамбыл облысының оң тәжірибесін ескере отырып, орталық және солтүстік өңірлерде өндіріске және техникамен қамтамасыз етуге жеңілдетілген кредит арқылы ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру және кеңейту көзделеді;
- жұмыс беруші жұмысқа орналасу фактісін растаған жағдайда, қоныс аударушылар үшін жаңа жердегі тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде (берілетін тұрғын үйдің орнына) қаржылық көмек алу құқығын куәландыратын ұтқырлық сертификаттарын енгізу жоспарланған. Бұл сома тұрғын үй салуға немесе сатып алуға, сондай-ақ Отбасы банкіне бастапқы жарнаны енгізуге бағытталуы мүмкін.
Дереккөз: http://inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз