20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбырмен бірге қар да күтіледі.
Қазгидрометтің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел мен дауыл соғуы ықтимал.
20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбырмен бірге қар да күтіледі.
Сонымен қатар түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көлік қозғалысына қолайсыздық туғызуы мүмкін.
Ауа температурасы күрт өзгермейді. Дегенмен елдің солтүстік аймақтарында түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүру қаупі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Елімізде
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






