дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік беріледі

Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік беріледі
Сурет sputnik.kz
Мопедтер мен электросамокаттардың қызметін реттейтін жаңа түзетулер әзірленді

Қазақстанда әкімдерге электросамокаттардың қызметін реттеу жөнінде өкілеттік беріледі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Оның айтуынша, қазір мопедтер мен самокаттардың қызметін реттейтін түзетулердің екінші пакеті әзірленген. Оны қабылдағаннан кейін түбегейлі өзгеріс болады. 


«Бұл пакетте тағы бір маңызды норма бар. Ол бойынша әкімдерге самокаттардың қызметін реттеу жөнінде өкілеттік беріледі. Олар қандай да бір қосымша ережелерді белгілей алады: қай жерде жүруге болады, қайда жүруге болмайды, қай уақытта олардың қозғалысына тыйым салынады», - деді Лепеха сенат кулуарында. 


Сондай-ақ қозғалтқыштың көлеміне қарамастан барлық мопед көлікке жатқызылады. Оны басқару үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет болады және жүргізушінің жасы 16+ болуы керек. 


«Осылайша, біз барлық мопедті есепке қоямыз және тіркейміз. Бүгінде елімізде бұл жүргізушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды», дейді ІІМ басшысының орынбасары. 


Айта кетері, елімізде электрсамокаттар мен мопедтерге қатысты заң былтыр тамыз айының соңында күшіне енді. Заң бойынша электрсамокаттар жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көліктерге жатады. Онымен велосипед жолағымен де, жолдың жиегімен де шектеусіз жүруге болады. Сонымен қатар электрсамокаттарға жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар