сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 6:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсы петиция 50 мың қол жинады

Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсы петиция 50 мың қол жинады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Енді мемлекеттік орган оны қарауға алуға міндетті

«E-Petition.kz» ресми порталында «Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, петицияны қарап, оған қатысты шешім шығаруға берілетін уақыт – 40 күн.

«Заңға сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. Петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүреді», - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар