«Қаланың баласы жайлаудың не екенін білмейді»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазда балаларына оқытатын кітап таппай жүр
- авторjambylinfo.kz
- 10 маусым, 2024
- 713
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жазғы демалыс кезінде балаларына оқытатын кітап таппай, әлекке түскен, деп жазады jambylinfo.kz.
Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, кітап дүкендерінде сатылатын қазақ тілді шығармалар «бұрынғы заманның» өмірінен сыр шертеді.
«Балалармен кітап дүкеніне бардым. Келісім бойынша қазақ тілді роман, проза, фантастика алмақ болғанбыз. Бірақ мынандай мәселеге тап болдық: қазақ тілді шығарманың басым бөлігі дала, жайлау, көшпенді ел, барымта, соғыс жайлы екен. Қалада туып-өскен бала галактика, жасанды интеллект, матрица әлемі туралы оқығысы келеді. Мені ойландырғаны, аграрлы өмірден урбанизацияға кеткелі қанша уақыт өтті?! Қалада туған бала жайлауды, барымтаны, қалың малды біле бермейді. Бірақ ол үшін оны айыптай аламыз ба? Байқағаным бізге детектив, фентези жанрлары жетпейді екен. Мысалы Алдаркөсені дәл сол қалпында адам алдайтын кейіпте емес, ақылды, Шерлок Холмстың деңгейіне неге көтере алмаймыз? Таусоғарды мүмкіндігі мол «Человек пауктың», Қожаны «Хәрри Потердің» деңгейіне неге шығармасқа? Әдебиетіміз әлеммен санасатын кез келмеді ме? Неге әдеби кейіпкерлер әлі күнге кино мен мульттуынды кейіпкерлеріне айнала алмай отыр? Біздің кейіпкерлер жаңа уақытпен санасатын уақыт келді емес пе?», - деп жазды актриса.
Сөз соңында ол оқырмандарынан кеңес сұрап, «бәлкім мен білмейтін фентези жанрында шығармалар бар шығар, жаза отырыңыздар» - деп жазған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз