жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда тағы да қант бағасы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда тағы да қант бағасы қымбаттауы мүмкін
Фото - ашық дереккөзден
Өйткені, биыл елімізде қант өндіру көлемі 3,4 есеге қысқарған

Қазақстанның қант зауыттары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнім көлемін 12 есе аз өндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Energyprom.kz сайтының жазуынша, биыл елімізде қант өндірісі күрт төмендеген. Сондықтан сарапшылар алдағы уақытта тәтті бағасы қымбаттауы бек мүмкін деп жорамалдайды. Бұл жағдай бізде бірінші рет болып жатқан жоқ. 2020 жылы қант қат болып, баға көкке ұшқан. Енді биыл Қазақстанда қант өндіру көлемі 3,4 есеге қысқарғаны белгілі болды. 
Мәселен, биылғы жылдың қаңтар — мамыр айларында қант импорты 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға өскен. Ал,  экспорт көлемі 2024 жылдың басында 700 кг-нан 50,4 мың тоннаға дейін артқан. Ал ішкі нарықта қант сатылымы 2,3 есе азайыпты. Соңғы үш айда бағалар өскен.  Наурызда қант 3 пайызға, сәуірде бірден 3,7 пайызға қымбаттады. 
Бүгінгі күні кейбір өңірлерде тәтті бағасы қалыпты болса, кейбір облыстарда баға қымбатырақ.  Абай, Маңғыстау және Түркістан облыстарында бағалар өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 8,5% - ға төмен. Ал,  Ұлытау облысы (+3 %), СҚО (+2,4 %) және Ақмола облысында  (+1 %) баға артты

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар