Жамбыл жаңалықтар
Ұлттық домбыра күні: Тараз төрінде қазақтың күйлері күмбірледі
- авторИндира Тәліпқызы
- 1 шілде, 2024
- 274
1 шілде – Ұлттық домбыра күні
Таразда Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазынасы –домбыра!» атты домбыра-party өтті, деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Мәдени іс-шара “Жеңіс” саябағында ұйымдастырылды. Концертте жас өнерпаздар күй тартыс, ән жарыс өткізді.
Мәдени-шарада Құрманғазы,Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев сынды ұлы тұлғалардың туындылары орындалды. Домбыра-party саябақта серуендеп жүрген халықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Жұртшылық өнерпаздарды суретке, видеоға түсіріп, шат-шадыман көңіл-күйде тарқасты.
Еске салайық, 2018 жылдан бері Қазақстанда 1 шілде –домбыра күні тойланып келеді.
Келесі мақала