Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге қайтарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 1 шілде, 2024
- 376
Бас прокуратура жыл басынан бері елге қайтарылған актив көлемін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегінше, жыл басынан бері активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылған. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленген.
Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілген. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды.
Криминогендік жағдай бойынша қылмыс 8%- ке төмендеген. Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті.
Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды. 708 заңсыз ұсталған адам босатылды.
Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.
Конституциялық Сотта 10 іс жүргізу бойынша құқықтық қорытындылар берілді. Конституциялық Сот Бас Прокурордың 2 жолданымы бойынша оң шешімдер шығарды.