дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандағы балалар саны 6,8 миллионды құрайды

Қазақстандағы балалар саны 6,8 миллионды құрайды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Үш жылдан кейін олардың саны 8 миллионға жетеді деген болжам бар

Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 миллионға ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі таңда елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 миллион бала білім алады.

Сондай-ақ, комитет төрағасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне де кеңірек тоқталды.

«Елімізде 21 мың жетім баланың 17 600-і отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын азаматтар 1 мыңға жуық жетім баланы өз отбасына алады. Тәлімгерлік институты енгізіліп, 300-ге жуық адам жетім балаларға тәлімгер болды», - деді спикер өз баяндамасында.

Айта кетейік, министрлік тарапынан мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар