дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның мектептерінде сақтау мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды

Қазақстанның мектептерінде сақтау мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Сұмдық фактілер Қарағанды облысында анықталып жатыр

Қарағанды облысындағы мектептерде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды. Бұл туралы облыстық прокурорлары анықтаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды. Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен «Преднизолон» ампулалары сақталған.Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды», - деп хабарлайды облыстың прокуратурасы.

Тексерістен кейін мерзімі өткен дәрі-дәрмектертер жойылып,  кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар