Елімізде
Бүгін Алматы қаласынан 258 км жерде жер сілкінісі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 2 қараша, 2024
- 332
Дүмпудің есептік қарқындылығы 2 балл
Бүгін ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласынан 258 км жерде жер сілкінісі болғанын анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жер сілкінісі бүгін, 02 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 минутында тіркелген.
- Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құрады: Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдары (таулы аймақтар),- делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.