сейсенбі, 15 қазан, 2024 15:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін түнде «магнит дауылы» болуы мүмкін

Бүгін түнде «магнит дауылы» болуы мүмкін
Фото: citytraffic.ru
Мамандар осылай деп дабыл қақты

Мамандар 16 қазанға қараған түні, яғни бүгін магнит дауылы болады деген болжам айтып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

РБК басылымының жазуынша, Ресей ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы магнит дауылы сәрсенбіге қараған түні, түн ортасында басталып, таңғы сағат 6 шамасында басылатынын мәлімдеген.

Дауыл G1 деңгейінде әлсіз болады. Оның болжамды ықтималдығы 40%-ға тең.

Жердегі магниттік дауылдар қазанның 3 күні басталған болатын. Ол аптаның соңына дейін жалғасты. Екіншісі 2 қазан күні болды. Мамандардың айтуынша, бұл 2024 жылғы екінші қуатты магнит дауылы болды. Кейін мамандар 10 қазан күні күшті магнит дауылы болады деп болжады. Болжам дәл келіп, оның деңгейі G4-ке жетті. Қуатты дауыл бір тәулікке дейін созылып, 11 қазан күні басылды.

 

Магнит дауылдары электронды аппараттарға, әсіресе, ғарыш стансасындағы спутниктерге, техникалық құрал-жабдықтарға әсер етеді. Бұл ғарыштық желдің иондаушы сәулелену ағындарын әкелуіне байланысты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар