жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бұл спектакль»: Блогерлер желіде Жанқош Тұраровтың ісін жай қойылым екенін жазуда

«Бұл спектакль»: Блогерлер желіде Жанқош Тұраровтың ісін жай қойылым екенін жазуда
фото - ашық дереккөзден
Олардың айтуынша, бұл оқиға қолдан жасалған

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деп айып тағылуына орай,  желіде түрлі пікірлер жазылып жатыр. Ал кейбір блогерлер боксшының ісін саяси шешімдерді бүркемелеу үшін жасалған "спектакль" деп санайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Олардың сөзінше, біздің елде танымал адамдардың араласуымен мұндай оқиғалар жиі орын алады. Мысалы, блогер  Қуаныш Еділхантегі facebook - тегі парақшасында өз пікірін былай білдірген.

"Күз келді ме, бәтір-ау, неге тоңдым", - деп Абай атамыз айтпақшы, қарасам көбі бір зорланған әйел туралы жазып кетіпті. Бір видео еріксіз назарымды аударды. Видеода әлгі  «зорланған» әйел ыржалаңдап, сұхбаттың жалғасын көргілерің келіп отыр ма, қазір? Түрі зорлық көріп, ұяттан өртеніп, моральдық азап шегіп отырған адамға ұқсамайды. Бұл - манипуляция. Шамамыз келгенше осындай пайдасыз тақырыптардан аулақ жүруге тырысайық,- деп жазды ол. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының да пікірі екіге жарылды. Бірі, жазба авторын қолдаса, енді бірі - бұл оқиғада қаншама адамның тағыдыры тұрғанын жазған. 

Еске салайық, Жанқош Тұраров 26 тамыз яғни ертең аталған іске қатысты журналистердің алдына шығып, жауап бермек. 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар