БҚО-да балаларға шұғыл түрде психологиялық көмек ұйымдастырылып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 сәуір, 2024
- 585
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен халыққа жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Соның ішінде, арнайы мамандар балаларға психологиялық көмек берген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дәлірек айтсақ, жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары балалардың стресстерін азайтуға арналған ойындар өткізген.
«Батыс Қазақстан облысында халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. Дағдылы ортасы өзгеріп, онлайн оқыту режиміне байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаментінің психологтары нейрогимнастика және нейрография элементтерін пайдалана отырып балалардың танымдық қабілеттерін шыңдап, сондай-ақ эмоционалдық стрессті төмендетуге бағытталған тренинг өткізді», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024