"Тыныштық беріңіздерші..." Жұлдыз Әбдікерімова жан айқайын жеткізді
- авторjambylinfo.kz
- 22 сәуір, 2024
- 1.5k
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікерімова елдегі су тасқынына алаңдап, халыққа үндеу жариялады, -деп жазады jambylinfo.kz
Актриса жан тебіренісін Instagram (сторис) желісіндегі парақшасында жариялаған.
"Заман өзгерді дегенге сенбеймін. Өзгерген несі бар? Күн сол қалпында бір минутқа кешікпей, шығыстан шығып, батыстан батып тұр. Өзгерген адам. Әлемде болып жатқан табиғи апаттар адамның жылдар бойы қолымен жасаған әрекеттері емес пе? Адамзат жер ананың жан айқайын ести ала ма? Жарқын болашағымыз үшін, балаларымыздың келешегі үшін жер анаға тыныштық берейікші... ", -деп жазды ол.
Жұлдыз Әбдікерімова елдегі 10 облыста су тасқынына байланысты қалыптасқан ауыр жағдайға қатты алаңдап отырғанын атап өткен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024