бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 23:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-дағы жол апаты: Төрт адам көз жұмып, үш адам ауруханаға жеткізілді

БҚО-дағы жол апаты: Төрт адам көз жұмып, үш адам ауруханаға жеткізілді
фото - ашық дереккөзден
Қайғылы оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған

Бүгін  Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, салдарынан полицей мен оның әйелі көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құзырлы органның хабарлауынша, 24 тамыз күні сағат 08.20-да Чапаево –Жалпақтал – Казталовка тасжолында Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған.

 "ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған "КамАЗ" көлігімен соқтығысқаны анықталды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде екеуі – кәмелетке толмағандар", - деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің өкілдері.

Қазір бұл жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар