«Украинаның тәуелсіздігіне - 33 жыл»: Салтанатты шарада Зеленский жылап қалды
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2024
- 1.0k
Биыл Украинаның Тәуелсіздігіне 33 жыл толып отыр. Мерекелік шарада сөз сөйлеген Зеленский жылап қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін ел астанасы Киевте Украина Қарулы Күштерінің мерекелік шеруі өтті. Салтанатты шараның бейнежазбасы әлеуметтік желіні шарлады. Екі жарым жылдан бері Ресеймен соғысып жатқан елді қолдап пікір жазып жатқан шетелдіктер өте көп.
Желіде тараған видеоға зер салсақ, Киевтің орталығындағы шарада қолына гүл алған қыз бала алаңға шыққан күйі алып жалау астымен өтіп, жауынгердің бірімен қауышады.
Бұл көрініс Украина халқының бейбітшілік заманға жетуге аңсар- арманын көрсеткендей болды.
Іс-шара халыққа тікелей эфирде көрсетілді. Көрініске ел президенті Зеленскийдің көңілі босағанын көруге болады.
Украина КСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылы Украина тәуелсіздігінің Декларациясы туралы актіні қабылдауы құрметіне атап өтіледі.
Айта кетейік, 1992 жылғы ақпанда Жоғарғы Рада Украинаның Тәуелсіздік күнін тойлаудың ресми күні 24 тамыз деп бекітті. Оған дейін олар 1 шілде – Тәуелсіздік күні деп атап өткен еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024