жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«44 жыл күткен медаль. Тарихи сабақтастық». Елдос Сметов әлеуметтік желіде жазба қалдырды

«44 жыл күткен медаль. Тарихи сабақтастық». Елдос Сметов әлеуметтік желіде жазба қалдырды
Елдос Сметовтың парақшасынан
Олимпиада чемпионы Үшкемпіровтың медалін ұстап түскен фотосын жариялады

Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жазбада ол Жамбыл жұртшылығының ғана емес, алты Алаштың мақтанышына айналған Жақсылық Үшкемпіров атасының арман-мақсатына қол жеткізгенін үлкен абырой санайтынын жеткізген.

  • Қазақтың аты аңыз болған балуаны, батыры Жақсылық ағамыздың 44 жыл бұрын жеңіп алған алтын медалі және ағамыз осыдан 8 жыл бұрын бата беріп, сіздер тілекші болып Парижде қарсыласты жығып жеңіп, алып келген алтын медаль. Еліміздің еңсесін көтерер сәттер көп болсын, ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз биікте бола берсін,- делінген жазбада.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар