Бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қыркүйек, 2025
- 779
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Асхат Оралов тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміне сәйкес, Асхат Раздықұлы Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Асхат Оралов бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Асхат Раздықұлы 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолы
2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы болып еңбек жолын бастаған.
2013–2016 жылдары – ЕҰУ протокол бөлімінің жетекші маманы.
2014–2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016–2018 жылдары – Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
2018 жылы – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.
2018–2019 жылдары – ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.
2019–2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2020–2021 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2021–2022 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2022–2023 жылдары – «Nur Otan», кейін «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы.
2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
2024–2025 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.






