жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары Түркияда жоғары бағаланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары Түркияда жоғары бағаланды
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпараттық кеңістіктегі ыңтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Ыстанбұлдағы Бас консулдығы жетекші түрік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, сондай-ақ Түркияның ірі ақпараттық агенттіктері мен медиахолдингтердің жетекшілері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» бағытына негізделген ауқымды реформаларын талқылады. Түрік тарапы Қазақстанның барлық бағыттарында жүзеге асырылып жатқан реформалар мен нәтижелері туралы хабардар етілді. Жиында түрік тарапы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бұл реформалардың мазмұнымен жақсы таныс екенін атап өтіп, Мемлекет басшысының заң үстемдігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілік пен тәртіпті нығайтуға бағытталған бастамаларын жоғары бағалады.

Күн тәртібіндегі тағы бір өзекті тақырыптардың бірі – ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы 29 шілдеде Түркияға жасаған ресми сапары болды. Бұл сапар жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастықтың символы ретінде өткізіліп, ауқымды экономикалық, мәдени және гуманитарлық бағыттарда тиімді ынтымақтастықты нығайтуға арналғаны аталып өтті. Екі елдің Президенттері осы сапар барысында ақпараттық кеңістіктегі өзара ықпалдастықты кеңейту, инвестицияларды тарту, ортақ жобаларды жүзеге асыру сияқты келелі мәселелерге тоқтады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар мұндай шаралар Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтып, түрлі салалардағы жаңа ынтымақтастық жолдарын ашатынына сенімдерін білдірді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар