Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының заңсыз иемденген мүлкі мемлекетке қайтарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 19 шілде, 2024
- 703
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының заңсыз иемденген мүлкі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылған. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.
- Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды. Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен,- делінген ресми хабарламада.