сенбі, 28 маусым, 2025 11:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бағасы 16 мың теңге»: Бүгіннен бастап Үржар ауданына ұшақ қатынай бастады

«Бағасы 16 мың теңге»: Бүгіннен бастап Үржар ауданына ұшақ қатынай бастады
gov.kz
Бүгін Үржар ауылындағы әуежайда тарихи сәт тіркелді – алғаш рет SCAT әуекомпаниясының Канадада шығарылған жайлы әрі заманауи «CRJ-200» ұшағы қонды. Бұған дейін аудан тұрғындары «АН-24» ұшағымен сапар шегіп келген еді.

Енді «Үржар–Алматы» және «Үржар–Астана» бағыттарында тұрақты рейстер күн сайын орындалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жаңалық тек жергілікті халық үшін ғана емес, Алакөлге және өңірдің өзге де туристік орындарына сапарлайтын қонақтар үшін де тиімді болмақ. Айта кетейік, әуеқатынасы мемлекет тарапынан  субсидияланып отыр, сондықтан билет бағасы да қолжетімді.

50 орындық «CRJ-200» ұшағы өңіраралық бағыттар үшін өте ыңғайлы.

Сонымен қатар, биыл бұл өңірде туристік маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. Облыс әкімі Берік Уәлидің қолдауымен Алакөл жағалауын абаттандыруға 658 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда:

2018 жылдан бері жөндеу көрмеген Арбат жаңартылып жатыр,

Ескі темір қоршаулар ауыстырылуда,

5 шақырымға жуық жолға асфальт төселеді,

10 модульді және 15 биодәретхана,

40-тан астам киім ауыстыратын кабина,

Қоқыс жәшіктері мен бейнебақылау камералары орнатылады.

Сонымен бірге, жағалауды нығайту үшін пирс пен қалқыма құрылғылар орнатылады.

Арбатқа түсетін жүктемені азайту мақсатында жаңа қоғамдық кеңістік салынады. Онда:

100 орындық сауда нүктелері,

Үлкен сахна мен субұрқақ,

Тұрғындарға арналған серуен аймағы қарастырылған.

Бұл өзгерістер Үржарды аймақтың ірі туристік хабына айналдыруға жасалған нақты қадам.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар