
Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған
Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегінше, сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамаған. Бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталған.
- Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқақоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды,- делінген хабарламада.
Сот үкімі күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған қаражат 310 млрд теңгені құрады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025