жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Банктер тариф пен комиссияны өсірмес бұрын 3 ай алдын ескертуге міндеттелді

Банктер тариф пен комиссияны өсірмес бұрын 3 ай алдын ескертуге міндеттелді
Pixabay.com
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді

Енді банктер төлемдер мен аударымдарға қатысты тарифті қымбаттататын болса, клиенттерін кемінде үш ай бұрын алдын ала хабарлауы керек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа талаппен бірге тағы бірқатар өзгерістер енгізілді:

банктердің ғимараттары мен банкоматтары мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болуы тиіс, қызметкерлерге арнайы оқыту да жүргізіледі;

қарыздың жоқтығы жөніндегі анықтама үш жұмыс күнінде беріледі;

клиенттің өтінішін қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды. Егер қосымша уақыт қажет болса, тағы 15 күнге созуға болады, бірақ банк міндетті түрде клиентті ескертуге тиіс.

Бұл өзгерістер маусым айының соңында қабылданған заңға сәйкес жасалып отыр. Мақсат – қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау және банктердің жұмысын барынша ашық ету.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар