Қазақстанда «Яндекс Такси» тарифтеріне мереке мен қолайсыз ауа райында бағаны өсіруге шектеу қойылады
Қазақстанда жүргізілген антимонополиялық аудит нәтижесінде «Яндекс Такси» қызметіне жолаушылар тасымалына сұраныс жоғары болған жағдайда, атап айтқанда, мерекелерде немесе ауа райы қолайсыз кезде тарифті үш еседен артық көтеруге тыйым салынды.