ҚР Энергетика министрлігі "Ашық НҚА" порталында электр энергиясына жаңа шекті тарифтерін бекітуді ұсынды, деп жазады Jambylinfo.kz.
inbusiness.kz сайтының жазуынша, ҚР Энергетика министрлігі бағаны көтеруге бірнеше себеп негіз болып отырғанын алға тартқан.
Атап айтқанда отынға, жалақыға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың ұлғаюымен байланысты екенін түсіндірді.
Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың мынадай топтары бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жаңа шекті тарифтер мынадай:
"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС. Б. Нұржанова " - сағатына киловатт үшін 8,27 теңге (2024-2025 жылдарға арналған қолданыстағы тариф сағатына киловатт үшін 8,05 теңгені құрайды).
"Еуроазиялық энергетикалық корпорация" АҚ – 7,98 (7,4),
"Астана-Энергия" АҚ – 9,28 (8,49),
"Қазақстан алюминийі" АҚ – 7,87 (6,05),
"Степногор ЖЭО" ЖШС – 28,97 (22,58),
"Жаңажол ГТЭС" ЖШС – 11,85 (11,44),
"З-Энергоорталық" АҚ – 15,09 (13,79),
"Қазхром "ТҰК" АҚ – 10,67 (7,59),
Құжат жобасы 2024 жылдың 23 тамызына дейін жария талқылауға шығарылды. Ол қабылданған жағдайда бұйрық осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілетін болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024