бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 14:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазақстаннан ешкім хабарласқан жоқ» – Таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов

«Қазақстаннан ешкім хабарласқан жоқ» – Таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жерлесіміз Париж олимпиадасында Тунис еліне 1 алтын, 1 қола медаль алып берді

Тунис елінің тарихында  таэквондодан алғашқы алтын жүлдені қоржынға салған қазақ бапкеріне әлемнің түпкір-түпкірінен ұсыныстар түсіп жатыр екен.  Ал білікті бапкер Есбол Сұлтанов nege.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстаннан ешкім хабарласпағанын айтқан, деп жазады Jambylinfo.kz.

"Біздің елден, Таеквондо федерациясынан әлі ешкім хабарласпады. Бірақ басқа да таеквондосын дамытқысы келген елдің федерация басшылары жолығып, құттықтап, танысып, әңгімеге тартып жатыр. Біразы визиткасын берді. Жарыс өзі кеше бітті ғой, ресми түрде сөйлесуге уақыт та болмады. Шын мәнінде, олимпиадада әлемдік деңгейде жақсы көріндік. Өйткені, олимпиадада командалық төртінші орын алу деген – үлкен жетістік", - деді ол. 

"Дегенмен, Қазақстанның Таеквондо федерациясы хабарласып «Елге келіңіз, таеквондоны қолға алып, бірге дамытайық» десе, не дейсіз?" деген журналист сауалына Есбол Сұлтанов былай деп жауап беріпті. 

"Осы жетістікке өзім, сосын жақындарым, туыстарым қуанып жатыр. Кәсіби мансабымның биік баспалдағы, асқар шыңы болды. Егер осыны елде істеп жатсақ, көк туымыз көкке бірнеше рет көтерілсе, керемет емес пе?!", -деді қазақ бапкері. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар