жұма, 9 қаңтар, 2026 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Батыс Қазақстанда шошқа тұмауын жұқтыру дерегі тіркелді

Батыс Қазақстанда шошқа тұмауын жұқтыру дерегі тіркелді
istockphoto.com
Сонымен қатар жуырда 1 адамның А типінің H1N1 түрін (шошқа тұмауы) жұқтырғаны тіркелді. Аурушаңдылық 2,8 есеге өсіп отыр.

Батыс Қазақстан облысында өткен жылғы 1 қазаннан бері 62 885 адамның жедел респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанғаны белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық кезеңмен (77 928) салыстырғанда, 19,6 пайызға кем.

Ауырғандардың 44 920-сы – 14 жасқа дейінгі балалар. 785-і – 1 жасқа дейінгі сәбилер. 136-сы – жүкті әйелдер. 

Департамент деректеріне қарағанда, 1 қазаннан бері 189 адам тұмауға шалдықса, соның 188-інен А типінің H3N2 вирусы (гонконг тұмауы) анықталған. Сонымен қатар жуырда 1 адамның А типінің H1N1 түрін (шошқа тұмауы) жұқтырғаны тіркелді. Аурушаңдылық 2,8 есеге өсіп отыр. 

Солардың ішінде басым көпшілігі немесе 135-і – 14 жасқа дейінгілер, 16-сы – жүкті әйелдер.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмауға қарсы әрбір адам үшін, әсіресе, балалар мен жүкті әйелдер үшін вакцина алудың маңыздылығын еске салады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар