Бектенов: Бюджет қаражатын пайдалансаң – оның әр теңгесінің жұмсалуын айқын көрсет
- авторБақытжан Бекболат
- 3 сәуір, 2025
- 528

Қазақстанда "цифрлық ҚҚС" атты пилоттық жоба іске қосылды. Ол цифрлық теңге негізінде жүзеге асуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жоба салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттырып, қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару процесін жеделдетуге бағытталған.
Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгені кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қазына қаржысын үнемдеуге айтарлықтай ықпал етеді. Сондай-ақ, цифрлық теңге бизнестің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
"Кәсіпкерлерге қатысты мынаны ұстану керек: егер бюджет қаржысымен жұмыс істесең, оның қайда жұмсалғанын толық ашық көрсетуің қажет. Жеткізушілердің, мердігерлердің, қосалқы мердігерлердің бүкіл тізбегін айқындау керек. Сондықтан цифрлық теңге бойынша пилоттық жобаны кеңейту қажет", – деді Олжас Бектенов жиында.