бейсенбі, 10 сәуір, 2025 11:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бектенов халықаралық спорт ұйымдарымен әріптестікті кеңейтуді талқылады

Бектенов халықаралық спорт ұйымдарымен әріптестікті кеңейтуді талқылады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының жетекшілерімен кездесу өткізді, - хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығы мен Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, сондай-ақ Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты.

Тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және бұқаралық спортты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық ұйымдармен бірлесіп спортшыларды даярлау, оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және су спорт түрлерін дамыту бағыттарындағы әріптестік мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу барысында бұқаралық спортты насихаттаудың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттілігі айтылды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар