Ақпаннан бастап бензин бағасы қымбаттайды – министр
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қаңтар, 2025
- 164
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрдің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.
Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шаралары Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтің маңыздағы тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды, – деді ол.
Сәтқалиевтің сөзінше, министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасы ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отыр. Тауарлық газдың бағасы биыл жазға қарай біртіндеп өседі дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қаңтар, 2025